Газа секторындағы израильдік тұтқындар босай бастады
Израиль түрмелерінен 1966 палестиналық тұтқын шығарылды

Газа қаласында Қызыл Крест өкілдеріне жеті тұтқын берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.
Бұған дейін ХАМАС босатылатын 20 адамның аты-жөнін жариялаған болатын.
2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС 251 адамды тұтқынға алған еді. Олардың көпшілігі бейбіт тұрғындар болды, арасында шетел азаматтары мен қос азаматтығы бар адамдар да болған.
Соңғы мәлімет бойынша, Газа секторында 48 тұтқын қалған, олардың шамамен 20-сы тірі деп есептеледі. Қалғандарының денелері патологоанатомиялық сараптамадан кейін анықталады. Осыдан кейін Израиль тарапы өз міндеттемесін орындап, палестиналық тұтқындарды босата бастайды.
Бейбіт келісімге сәйкес, Газа секторынан тұтқындар келген соң, Израиль шамамен 250 өмір бойына сотталған және соғыс кезінде ұсталған 1700 палестиналықты босатпақ.