$ 539.06  623.75  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Енді Қазақстанда әкімдердің жұмысы есірткіге қарсы күрес бойынша да бағаланады

Оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілген

Енді Қазақстанда әкімдердің жұмысы есірткіге қарсы күрес бойынша да бағаланады
Фото: istockphoto.com

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов есірткіні дайындау мен сатуға қатысты жауапкершіліктің аражігі ажырады дейді. Сондай-ақ, оның айтуынша, енді әкімдердің рейтингісіне жаңа критерий - есірткіге қарсы күрес өлшемі еніп отыр, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Наркосайттар мен жарнаманы, күмәнді операция жасалған шоттарды бұғаттап жатырмыз. Бұл салада жаза қатаңдады. Ұйымдастыру мен өндіру үшін санкция күшейді. Заң қабылданды. Енді есірткі дайындағандар мен оны сатқандардың жазасы екі бөлек болады. Колониядан 1200 «закладчик» босап шықты. Олармен түрмеге кіргеннен босағанға дейін түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Бүгінде босағандарды волонтер рертінде жұмысқа тартып жатырмыз», - дейді Ержан Сәденов.

Оның айтуынша, есірткі заттарын медициналық емес тұтынғандарға әкімшілік жауапкершілік енеді. Қазірдің өзінде 3600 осындай қылмыс түрінің алды алынған.

«Келесі жылдан бастап прекусорлар мен  күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Қазір тек контрабанда үшін бар. Профилактика тәсілдерін өзгерттік, азаматтық қоғамнан тұратын кеңес құрылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Әкімдіктердің ретингі бекіді. Енді олардың есірткіге қарсы күреске  қосқан үлесі бағаланады. Премьер-министрдің төрағалығымен республикалық штаб құрылды», - дейді министр.

Айта кетейік, жуырда Маңғыстау облысында екі әкімнің орынбасары есірткі қылмысы үшін қолға түскен еді. 

 

Серіктес жаңалықтары