$ 541.01  640.34  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстау облысында екі әкімнің орынбасары есірткі қылмысы үшін қолға түсті

Оның біреуі – Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары болса, екіншісі Атамекен ауылындағы әкімнің орынбасары

Маңғыстау облысында екі әкімнің орынбасары есірткі қылмысы үшін қолға түсті
Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысының полиция департаменті жергілікті әкімдіктің көмегімен бірге есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен Мұнайлы ауданының үш тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Маңғыстау облысының әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

Олардың ішінде екі адам – лауазымды қызмет атқарған: біреуі – Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары болса, екіншісі Атамекен ауылындағы әкімнің орынбасары екен.

«Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аудан әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалса, ауыл әкімінің орынбасары мен тағы бір адамға қатысты әлі бұлтартпау шарасы қабылданған жоқ. Олардан тәркіленген заттар сараптамаға жолданды», - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Дереккөзге сүйенсек, олар есірткі бизнесіне қарсы «Қарасора-2025» рейді аясында қолға түскен. Маңғыстау облысының әкімдігі кез келген қылмысқа мүлде төзбейміз дейді.

Серіктес жаңалықтары