Жамбыл полициясы ұрланған 38 түйені дрон арқылы тапқан (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Топ басшысы 7 жылға сотталған

Фото: скриншот

Жамбыл полициясы бір жыл ішінде 38 түйе, 16 жылқы және бір сиыр ұрлап әкеткен қылмыстық топтың басшысын дрон арқылы тауып, оны жеті жылға соттатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Анықталғандай, Талас пен Мойынқұмда тұратын бес адам алдын ала сөз байласып былтыр ақпаннан бері малдарды жайылып жүрген жерінен ұрлап алып отырған. Малынан айырылған адамдардың арызы көбейген соң полиция іске мықтап кірісіп, қылмыстық топты дронның көмегімен қолға түсірген екен. Ұрылар жалпы сомасы 24 млн теңге болатын малды иемденіп алған.

«Сот үкімімен қылмысты ұйымдастырған адам 7 жылға бас бостандығынан айырылды, ал оның үш сыбайласы 3 жылға шартты түрде, біреуі 2 жылға сотталды», - деп хабарлайды Жамбыл полициясы.