Астанада ерлі-зайыпты қолға түсті – олардың әмияны долларға толып жүрген (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Ері мен әйелі интернет арқылы есірткі сатқан екен

Фото: polisia.kz

Астананың полициясы интернет арқылы есірткі сатқан ерлі-зайыптыны қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олардың жалдап тұрып жатқан пәтерлерінен бір келі марихуана, оны ұнтақтайтын және әрі қарай буып-түйетін құралдар табылған.

Жеке бастарын тінту кезінде полиция ерлі-зайыптының әмиянынан шамамен 1000 доллар тауып алған.

«Қазір олардың екеуі де қамалып, тергеу изоляторына түсті», – деп хабарлайды Астана полициясы.