Талма ауруы бар азамат Сырдарияға батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

1985 жылы туған тұрғын белгісіз жағдайда өзенге батып кеткен

Шымкенттік сүңгуірлері Сырдарияда іздестіру жұмыстарын жүргізді

Шымкент қаласында суға шомылу маусымының тұрақты жағдайына қарамастан жедел-құтқару жасағының сүңгуір-құтқарушылары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Суға шомылу маусымы басталғалы бері шымкенттік құтқарушылар тоғыз рет судағы іздестіру жұмыстарына көмек көрсетті, деп хабарлайды otyrar.kz.

Кезекті іздеу-құтқару жұмыстары Шардара ауданындағы Сырдария өзенінде жүргізілді.

«Іздестіру-құтқару жұмыстарына көмек көрсету туралы хабарлама 23 маусымда сағат 07.15-те келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша Шардара ауданы Сүткент ауылдық округі Сүткент ауылының 1985 жылы туған тұрғыны белгісіз жағдайда Сырдария өзенінде батып кеткен. Белгілі болғандай, ол талма ауруға шалдыққан, 2 топтағы мүгедек азамат болып шықты», - делінген хабарламада.

Шымкент қаласы ТЖД 5 сүңгуір-құтқарушысы 23 маусым күні таңертең іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады, нәтижесінде сағат 13.36-да оқиға орнынан 35 шақырымда олар суға батқан адамның денесін тауып, туыстарына тапсырды.

Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысының ТЖД 3 қызметкері, аудандық полиция басқармасының 4 қызметкері, әкімдік қызметкерлері және туыстары қатысты.