$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.06.2020, 12:07
Оқиғалар

Шымкенттік полицейлер карантин кезінде тойға барып, көңіл көтерген

Олар тәртіптік жазаға тартылды

Шымкенттік полицейлер карантин кезінде тойға барып, көңіл көтерген

Полицейлердің қатысуымен өткен тойдың видеосына қатысты Шымкент қалалық Полиция департаменті түсініктеме берді, деп жазады Tengrinews.kz.

Айта кетейік, Түркістан облысында болған тойдың видеосы бұған дейін әлеуметтік желілерде қызуға талқыланған болатын. Видеодан желі қолданушылары шымкенттік полицейлерді танып қалған. Мұнан кейін департамент басшылары қызметтік тексеру жүргізген.

«Тексеру барысында белгілі болғаны, 12 маусым күні Түркістан облысы Төлеби ауданындағы демалыс аймағында карантин режиміне қарамастан той өткізген. Аталған шараға қонақ ретінде Шымкент қалалық Полиция департаментінің қызметкері мен аймақтық мамандандырылған күзет қызметінің басшысы қатысқан. Олардың бәрі мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жауапқа тартылды», - деді қалалық Полиция департаментіндегілер.

Ал, Түркістан облыстық Полиция департаменті той болған демалыс орнының басшысы айыппұл төлейтінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары