Ақтөбе тұрғыны 100 келі есірткіні сарайына тығып қойған – полиция келгенде ол мас болған (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Полиция қауіпті затты тәркіледі

Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысында есірткі өсімдіктерін заңсыз өсірген 47 жастағы адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция аймақта «Қарасора-2025» рейді кезінде Шалқар ауданының 47 жастағы тұрғынды анықтап, оның үйін тінткен.  Тінту кезінде 32 түп қарасораға ұқсас өсімдікті анықталды. Оның екеуі пластик ыдыстың ішінде, қалғандары шаруашылық нысанындағы топыраққа егілген.

«Қосымша тінту кезінде сарайдан және тұрғын үйден ерекше иісі бар жасыл түсті зат салынған 5 пакет, сондай-ақ қарасора сабақтары толы 8 қап табылып, айғақ зат ретінде тәркіленді. Сараптама нәтижесі бойынша тәркіленген заттың жалпы салмағы 100 келіден астам марихуана екені анықталды», - деп хабарлайды полиция.

Күдікті азамат ұсталған кезде есірткіге мас болған. Қазір ол изоляторда отыр.