30.09.2025, 14:13
Оқиғалар
«Бұл – кино»: Қорғаныс министрлігі желіде тараған видеоға қатысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Видеода әскери формадағы адам сарбаздарды ұрып жатыр
Фото: скриншот
Әлеуметтік желіде әскери формадағы бір адамның оншақты сарбазды балағаттап, ұрып-соққан видеосы тараған еді. Қорғаныс министрлігі бұл видеоның қазақ әскеріне қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Аталған бейнематериал – «Қырғызфильм» киностудиясы түсірген «Баткен» көркем фильмінің үзіндісі және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ешқандай қатысы жоқ. Роликке қазақ тіліндегі дыбысжол жасанды интеллекттің дипфейк технологиясы арқылы жүктелген», - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.
Министрлік БАҚ өкілдері мен ақпарат дереккөздерін фейк ақпарат таратпауға шақырып отыр.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
