Ол есігінің алдына 472 түп марихуана егіп қойған екен
Көлік полицейлері Ақмола облысының тұрғынынан ірі көлемдегі есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz сілтеме жасай отырып.
Полиция Көкшетаудың 52 жастағы тұрғынынан 72 келі есірткі тапқан.
«Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде ауласынан 472 түп марихуана табылды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 72 келіге жуық болды. Күдікті қамалды», - деп хабарлайды полиция.
Бұған дейін хабарлағынымыздай, Жетісуда ірі есірткі қылмысы әшкереленген еді.