Олар көмірсутектер саласында келісімшарттарды орындамаған
Энергетика министрлігі көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерін тексеріп, нәтижесінде 50 млрд теңге көлемінде айыппұл мен берешек анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Оның ішінде 2024 жылға тиесілісі – 19 млрд теңге.
Министрліктің дерегінше, қазіргі таңда 1 млрд теңгеге жуық қаражат өтелді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Бұдан бөлек, биылғы 9 айда жер қойнауын пайдалану бойынша 11 келісімшарттың күші жойылған.
Бүгінде елімізде көмірсутектер саласында барлығы 327 келісімшарт бар: оның 133-і – барлау, 12-сі – дайындық, 182-сі – өндіру бойынша.