29.09.2025, 18:00
Оқиғалар
Астанаға қонаққа келген екі жігіт түн ішінде пиццерияны тонап кеткен (ВИДЕО)
Полиция оларды тез ұстап алған
Астана полициясы пиццерия мен дүкенді тонаған екі жігітті қолға түсірді: елордаға қыдырып келген жігіттер түнде пиццерияның кіреберіс есігін бұзып, тонап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Астана полицейлері 19 және 21 жастағы екі жігітті қолға түсірді. Олар елордаға басқа өңірден келгенімен, демалудың орнына заңсыз жолмен табыс табуды көздеген.Тергеу дерегінше, күдіктілер пиццерияның кіреберіс есігін бұзып ішке кірген. Кассадан ақша алып, сөренің үстінен секіріп өткен. Кейін дәл осындай әдіспен сусын сататын дүңгіршектің терезесін бұзып ашып, тағы да қаржы жымқырған», - деп хабарлайды полиция.
Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
