Атырауда Шекара қызметіне қосылған жастар Ант қабылдады

Автор: Бақыт Шынар

15 сарбаз Отан алдында Ант берген

Фото: atyrautoday.kz

Атырау облысында 15 жас сарбаз Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қатарына қосылып, салтанатты түрде Ант қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жергілікті басылымдардың мәліметіне сүйенсек, Ант қабылдау рәсіміне сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысқан.

«Үлкен ағалары да әскерге барған.  Ұлым оларға қарап ер жетіп, шешім қабылдады. Нағыз азамат болып, Отанға қызмет етсін», - дейді сарбаздың әкесі Базарбай Мұқашев.

Айта кетейік, қазір облыста шамамен 100 сарбаз шекарада қызмет атқарып жүр. Көбі Құрманғазы, Исатай аудандары мен Аққыстауға бөлінген.