Астананың қақ ортасындағы қойма отқа оранды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Абырой болғанда, күйік шалғандар жоқ

Фото: скриншот

Астанадағы ірі сауда орталықтарының жанында орналасқан қойма өртке оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жетіп, жалынды ауыздықтаған.

Қала тұрғындары өрттің видеосын таратып, өрт Байқоңыр ауданындағы сауда орталықтарының жанында болғанын жазған.

«Өрт болған аумақта өрт сөндірушілер тиісті есеп жүргізіп, жалынның таралып кетпеуі үшін әрекет етті. Соның арқасында қойманың жанындағы нысандар өртенген жоқ», - деп хабарлайды ТЖМ.