Алдын ала мәлімет бойынша, екі адам қаза тапқан
Шымкенттегі дәмханалардың бірінде атыс болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, екі адам көз жұмып, төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды жергілікті Sputniknews.kz Otyrar басылымына сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, куәгерлер екі адамның оқ атқанын айтқан. Олар қаруды оқиға орнына жақын маңдағы жерге лақтырып кетіпті.
Оқиға сағат 17:30-да Арғынбеков көшесінде болды. Дәмхана аумағын Абай аудандық полиция бөлімінің тергеушілері мен криминалистері қоршап алды.
«Дәмхана маңында екі көлік: Toyota Camry 70 пен Lexus RX 350 тұрды. Көліктердің бірінде полицейлер теңге және доллармен қомақты ақша тапты», - деп жазады Otyrar.
БАҚ-тың мәліметіне сәйкес, оқиға салдарынан екі адам қаза болған.
Бұдан бөлек жарақан алған 4 адам №1 Шымкент қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген. Төртеуіне де бірнеше жерден оқ тиген.
Ұсталғандар бар.