Қостанай облысында үй өртеніп, екі әжей қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Бір қабатты үйде газ баллоны жарылған

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында жекеменшік үй өртеніп, салдарынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға 23 маусымда таңғы сағат төрт шамасында болған. Бір қабатты үй толық өртеніп кеткен. Өрт сөндірушілер ғимарат ішінен 2 газ баллонын алып шыққандарын айтты. Тағы бір баллон құтқарушылар келгенше жарылып кеткен.

«Өрт сағат 05-52-де толығымен жойылды. Оқиға орнында 1937 жылы туған және 1936 жылы туған екі әйелдің мәйіті табылды. Өртті сөндіруге ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамынан 8 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды», - делінген аталған хабарламада.