Қазақстанда жыл басынан бері 224 адам электр самокаттан зардап шеккен

Автор: Бақыт Шынар

Электрсамокаттың кесірінен 213 жол апаты тіркелген

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның Бас прокуратурасы электр самокаттарға қатысты жол апаттарының статистикасын жаңартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Дереккөзге сүйенсек, жыл басынан бері 52 адам жараланған.

«Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша жыл басынан бері елімізде электр самокатқа қатысты 213 жол-көлік оқиғасы тіркелген, соның салдарынан 224 адам зардап шекті. 42 жағдайда апатқа самокатқа мінген адамдардың өздері кінәлі болған, 52 адам әртүрлі жарақаттар алды», - деп хабарлайды Бас прокуратура.

Бұған дейін Ranking.kz жыл басынан бері электросамокат мінген 173 адам жараланғанын, олардың жартысы - бала екенін жазған болатын.