22.09.2025, 14:18
Оқиғалар
Сұмдық статистика: алты айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан
Бұл туралы Бас прокуратурадан хабарлады
Фото: istockphoto.com
Биыл алты айда Қазақстандағы жол апаттарынан бес жарым мың бала жараланса, 135 бала қаза тапқан. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Саян Әбденов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жалпы, дереккөзге сүйенсек, 2025 жылдың алты айында Қазақстанда 8,5 млн әкімшілік құқық бұзу фактісі тіркелген. Соның ішінде 7 млн іс көлік жүргізушілеріне қатысты болған.
«Алты айдың қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғаларынан 5,5 мыңнан астам бала зардап шекті, 135 бала қаза тапты», - деп хабарлады ресми өкіл.
Сондай-ақ, ресми статистикаға сүйенсек, алты айда 11 мыңнан астам адам көлікті мас күйінде басқарған. Олардың 158-і жол-көлік оқиғасын жасап, салдарынан 282 адам зардап шеккен, 17 адам қаза болған.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады