$ 542.67  638.89  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда Toyota жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Жәбірленуші дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді

Ақтауда Toyota жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Ақтауда ер адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Ақтаудағы 23-шағын ауданда, «Тайқазан» банкет залының маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адамды Toyota Corolla көлігі қағып кеткен.

Жедел жәрдем келгенше зардап шегуші жолда қимылсыз жатқан. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше ол аман қалған, түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Қазір травматология бөлімінде жатыр.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы («Көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң зақымдануына немесе жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңіл зиян келтiруге әкеп соққан жол қозғалысы ережесiн бұзу») бойынша хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Серіктес жаңалықтары