$ 541.19  636.44  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дархан Сатыбалды нөсер жауыннан кейін екі әкімге сөгіс жариялап, бір орынбасарды жұмыстан шығарды

Әуезов пен Медеу аудандарының әкімдері сөгіс алды

Дархан Сатыбалды нөсер жауыннан кейін екі әкімге сөгіс жариялап, бір орынбасарды жұмыстан шығарды
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды нөсер жауыннан кейін Әуезов пен Медеу аудандарының әкімдеріне қатаң сөгіс жариялап, Бостандық ауданы әкімінің орынбасарын жұмыстан босатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, Алматыда бірнеше күн бұрын қатты жаңбыр жауып, Аманжол көшесінің бойындағы су жаңа жол шайылып кеткен еді. Соның салдарынан оншақты көлік шұңқырға түсіп кеткен.

«Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жол төсемі бұзылғандықтан, Әуезов пен Медеу аудандарының әкімдеріне қатаң сөгіс жариялады. Бостандық ауданы әкімінің орынбасары мердігер жұмысына тиісті бақылау жүргізбегені үшін қызметінен босады», - деп хабарлады Дархан Сатыбалдының кеңесшісі.

Ол сондай-ақ Алматыда оншақты көлік неге шұңқырға құлап кеткеніне байланысты мынаны мәлімдеген:

«Жекелеген аумақтарда мердігер ұйымдардың жұмысын тиісінше бақыламау салдарынан орын алған жағдайға байланысты: нөсер кезінде Аманжол көшесінде жол төсемі шөгіп (сумен жабдықтау және кәріз желілерін тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын «Спецстрой Групп ЛТД» ЖШС орындаған), 13 автокөлік зақымдалды. Сондай-ақ Яссауи көшесінде асфальт опырылған (ұзындығы 2,8 км болатын кәріз желісін «Спецкоммунстрой» мердігер ұйымы салған). Осыған байланысты Әуезов ауданы әкіміне қатаң сөгіс жарияланды», - деп жазған кеңесші.

Бұдан бөлек, Ерменсай шағынауданында инженерлік коммуникациялар тарту үшін қазылған траншеяларды қатты су ағыны шайып, автокөліктердің қозғалысына кедергі келтірген учаскеде («SGGroup Сапа Строй» ЖШС жұмысы), сондай-ақ әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесіндегі жерасты өткелінде гранит плиталарды негізсіз ауыстыру жұмыстарына бақылаудың болмауына байланысты Бостандық ауданы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және абаттандыру саласына жетекшілік ететін орынбасары қызметінен босады.

Мердігер ұйымды бақылауда кемшілік жібергені үшін – Медеу ауданы әкіміне де қатаң сөгіс жарияланды. 

Серіктес жаңалықтары