$ 541.34  640.73  6.53
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тараз соты зейнет жасындағы жеке кәсіпкердің тіс емханасын бір айға жапты

Ол Қазақстанда тіркелмеген бұйымдарды қолданған

Тараз соты зейнет жасындағы жеке кәсіпкердің тіс емханасын бір айға жапты
Фото: istockphoto.com

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты заңсыз жабдықты пайдаланғаны үшін зейнет жасындағы жеке кәсіпкерге ірі көлемде айыппұл салып, қызметін бір айға тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сот анықтағандай, жеке кәсіпкер стоматология кабинетінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген медициналық бұйымдарды сақтап, сонымен адам емдеген. Сотта кәсіпкер өз кінәсін толық мойындады», - деп хабарлайды сот.

Дереккөзге сүйенсек, тіркелмеген стоматологиялық құралдарды қолдану фактісі сотта хаттамамен, жазбаша түсіндірме, тексеру нәтижелері туралы актімен және істің басқа материалдарымен дәлелденген.

«Зейнеткерлік жасын, бірінші рет құқық бұзып отырғанын, кінәсін мойындауын және өкінуін ескере отырып, сот айыппұл мөлшерін 30%-ға қысқартты. Осылайша оған 550 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, қызметін 1 ай айға тоқтатты», - деп хабарлайды Жамбыл соттарының баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары