Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді
22 маусым күні кешкі сағат 21:03-те «Мазда» автокөлігінің 1986 жылғы жүргізушісі Қосшығұлұлы көшесінде келе жатып қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен. Ол жаяу жүргіншілер жолында 2001, 2002 және 2018 жылы туған үш адамды қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Зардап шеккен адамдар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Автокөлік жүргізушісінің мас болғаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп жазылған хабарламада.