$ 541.18  636.05  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ДСМ түсіндірме таратты: 2021-2025 жылдары тіс емдету үшін 757 млрд теңге алынған

Осы ақшаның 222 млрд теңгесі тек 20 стоматологиялық клиникаға аударылған

ДСМ түсіндірме таратты: 2021-2025 жылдары тіс емдету үшін 757 млрд теңге алынған
Фото: istockphoto.com

Денсаулық сақтау министрлігі Ашық-нормативтік құжаттар порталына жариялаған жаңа бұйрыққа түсіндірме таратып, енді тіс емдету үшін зейнетақы жинағын пайдалануға неге мүлде тыйым салу көзделіп отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, стоматологиялық қызметтерге талдау жасаған органдар алаяқтық схеманы көрген. Осыған байланысты, 15 қыркүйектен бастап банк зейнетақы қаражатының есебінен медициналық көмектің осы түрін қаржыландыруға өтініш қабылдауды тоқтатқан.

«Отбасы Банкінің ақпараты бойынша, 2021 жылдан бастап 2025 жылғы 20 тамызға дейінгі кезеңде платформа арқылы enpf-otbasy.kz  тек «стоматологиялық қызметтер» мақсаты бойынша 757 млрд теңге сомасына 795 424 транзакция жасалған. Талдау көрсеткендей, 222 млрд теңгеден астам қаражат ТОП-20 стоматологиялық клиникаға жіберілді. Негізгі клиникалардың бөлігі Қазақстанның ірі қалаларында орналасқан», - деп хабарлайды ДСМ.

ДСМ жариялап отырған бұйрықта тісті протездеу және тістерді имплантаттау сияқты стоматологиялық қызметтерге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану жөніндегі норманы алып тастау көзделеді.

Серіктес жаңалықтары