Ақтөбе облысында жүзден астам киік қырылып қалған

Автор: Бақыт Шынар

Олардың өлекселері Қайрақты өзенінің жағасынан табылған

Фото: скриншот

Ақтөбе облысының Айтекеби ауданында киіктер жаппай қырылған: Қайрақты өзенінен жүзіп өтпек болған 100-ден астам бас суға батып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Диапазон» сайтына сілтеме жасай отырып. 

Қазір әлеуметтік желіде өзен жағасында қырылып жатқан киіктердің видео-фотолары

Облыстық экология департаменті мен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, 100-ден астам өлексе көмілген.

«Бұл маңнан шамамен 10 мыңдай киік өткен. Өзеннің бір жағында жарқабақ пен қалың қамыс бар. Сол себепті жүзіп бара жатқан киіктер бірін-бірі таптап, суға кеткен болуы мүмкін. Экологтар мен ветеринарлар су сынамасын алды. Өзен жағасында 22 адам және 8 техника жұмыс істеп жатыр», – деді облыстық аумақтық инспекция басшысы Әділгерей Әуелбаев.

Оның айтуынша, көктемде киіктер шөп пен салқын іздеп солтүстікке қарай көшсе, күзде оңтүстікке қайта оралады. Қазір Ақтөбе облысындағы киіктердің саны шамамен 300 мыңға жеткен.