15.09.2025, 13:44
Оқиғалар
Алматы көшелеріне 30 жарнама іліп кеткен жігіт камераның арқасында қолға түсті (ВИДЕО)
Полиция оның үстінен қылмыстық іс қозғады
Алматы қаласы Түрксіб ауданының полицейлері көшеге есірткі сататын дүкен туралы 30-дан астам жарнама іліп кеткен жас жігітті қолға түсірді: оның заңсыз әрекеті сыртқы камераларға түсіп қалған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, қалада «Қарасора», «Учаске» және «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шаралары өтіп жатыр. Соның аясында полиция камера жазбаларын зерттей отырып көшеге есірткі сататын дүкеннің жарнамасын іліп жүрген жас жігітті ұстады.
«Оның үстінен есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтары мен прекурсорларын насихаттау не заңсыз жарнамалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамалды», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды