Жамбыл облысында 8 жасар бала бассейнге батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірде жыл басынан бері 5 адам суға кеткен

21 маусымда Жуалы ауданы Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы аумағындағы демалыс орындарының бірінде орналасқан 3 метр тереңдіктегі бассейнде 2012 жылы туған бала суға батып кетті, деп хабарлайды  Жамбыл облысы ТЖД.

«Бала ересектердің қарауынсыз қалып, суға батып кетті. Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД 2 қызметкері мен 1 техникасы жіберілді»,- делінген хабарламада.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бұл биылдыққа 5-ші қайғылы оқиға. Өңірде жазғы шомылу маусымы басталғалы бері бес адам суға батып, оның біреуі құтқырылып 4 адам қаза болды, оның үшеуі бала.