Артқы орындықта отырған кішкентай бала оның үстіне сиіп қойған екен
Елорда тұрғыны сүйіктісімен бірге қаладағы кинотеатрлардың біріне фильм көруге барған. Кино басталып кеткен сәтте күтпеген жағдай орын болған. Еркежан есімді ару келеңсіз оқиға жайлы Threads әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Кино жаңа басталып жатты. Артқы жақтан біреулердің әңгімесін естіп қалдым: «Сигің келіп тұр ма? Мә, баклажкаға си» деп жатыр. Басында мән бермедім. Курткамды шешейін десем, оң қолым мен жеңім су болып қалғанын сездім. Алғашында судан деп ойладым, бірақ жарықты қосып қалсам бүкіл оң жағым, курткам мен отырған орным түгелдей несепке малынып қалған», - деп жазған Еркежан.
Бойжеткен артқа бұрылып қарағанда, бала-шағасымен кино көруге келген ерлі-зайыптыны көрген.
«Артқа қарасам, бала-шағасымен кино көруге келген отбасыны көрдім. Оларға жарық түсіріп «Сіздер не істеп отырсыздар? Бүкіл киімім несепке былғанды, түсінесіздер ме?» дедім. Сонда отбасының әкесі әйеліне қарап «Майлық берші, үстін сүртіп алсын?» деді. Әйелі шығып, майлық әкелді», - дейді ол.
Бойжеткен ашуға беріліп, сиіп қойған баланың ата-анасына ақыл айтқан.
«Оларға барып: «Неге баланы дәретханаға апармайсыз? Қалайша бала кинотеатрда сие салады? Бәрі менің үстіме тиді ғой» дедім. Ал анасы болса «Бұл бала ғой, кешіріңіз» деп қояды. Сонда бала менің үстіме дәрет сындырып отырғанына мәз болуым керек пе?!», - дейді Еркежан.
Көрерменнің сөзінше, кинотеатр әкімшілігі жағдайға араласып, орындарын ауыстырған және кешірім сұраған.
«Біз ашуланып шықтық. Әкімшілікке шағымдандық. Олар бізге басқа орын берді, кешірім сұрап, салфетка әкеп берді», - дейді ол.
Оқиға куәгері Астанадағы қоғамдық мәдениеттің төмендегенін айтып, қынжылысын танытты.
«Бұл қалай болғаны? Астанада осындай жағдайға жол беретін адамдар қайдан шығады? Қала ортасында осындай мәдениетсіздікке куә боламын деп ойлаған жоқпын», - деді ол.