Маңғыстаудағы апаттан қаза тапқандардың туыстарын арнайы ұшақ сол аймаққа алып кетті
Осы ұшақ марқұмдардың мәйіттерін өзі тұрған аймақтарға жеткізеді

Күні кеше Маңғыстау облысындағы қорқынышты жол апатынан қаза тапқандардың туыстарын Ұлттық ұланның арнайы ұшағы апат болған аймаққа қарай алып ұшты, деп хабарлайды
Ішкі істер министрлігі сол арқылы марқұмдардың артында қалған жақындарына қолдау көрсетіп, демеу болмақ.
«Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұланның арнайы борты жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарын Маңғыстау облысына алып ұшты. Марқұмдардың жақындары мәйіттерді танып, қажетті құжаттарды рәсімдейді. Осы ұшақ қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізіп береді», - деп хабарлады ІІМ ресми өкілі - департамент бастығы Шыңғыс Алекешев.
Бұған дейін хабарлағынымыздай, қаза тапқандардың ішінде — бес әйел Қарағанды облысынан, біреуі Астана қаласынан барған әйел.
«Осылайша, ішкі істер министрлігі қаза тапқандардың отбасыларына жедел көмек көрсетіп, мәйіттерді тасымалдау және жерлеу рәсіміне шұғыл көмек береді», - деп хабарлайды дереккөз.
Естеріңізге сала кетейік, кеше, 11 қыркүйек күні Маңғыстау облысындағы жантүршігерлік жол апатынан 10 адам көз жұмды. Трагедия 11 қыркүйек күні Қарақия ауданы Сенек елді мекенінен 90 шақырым қашықтықта болған.