$ 538.89  629.53  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әйел адам экс-сүйіктісін интим-видеомен қорқытып, ақша мен көлік бопсалағаны туралы ақпарат тарады

Оқиға Алматы қаласында болғаны анықталды

Әйел адам экс-сүйіктісін интим-видеомен қорқытып, ақша мен көлік бопсалағаны туралы ақпарат тарады
Фото: freepik.com

Алматыда әйел адам бұрынғы сүйіктісін интим-видеомен қорқытып, ақша мен көлік талап еткені туралы желіде ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ер адамның айтуынша, бір жарым жыл азаматтық некеде тұрған әйелімен айырылысқаннан кейін интим-видеолары арқылы бопсалай бастаған. Әйел адам экс-сүйіктісінен 25 миллион теңге мен автокөлікті өз атына рәсімдеуді талап етіп, айтқанын орындамаған жағдайда жазбаларды таратып жіберетінін айтып, қоқан-лоқы көрсеткен.

«Ол менің өмірімді тозаққа айналдырды», – дейді ер адам.

Айтуынша, қысым көрсету барысында қорқыту, өзін «полицейміз» деп таныстырған адамдардың келуі, қолхат жаздыру секілді әрекеттер болған.

Ақыры видеолардың бір бөлігі ер адамның туыстары мен әріптестеріне тарап кетіп, беделіне айтарлықтай нұқсан келіп, жұрттан оқшаулануға себеп болған.

Мәліметке сүйенсек, ер адам енді әділдікке жетіп, экс-сүйіктісін жауапкершілікке тартуға ниетті.

Оқиғаға қатысты агенттік тілшісі Алматы қаласының Полиция департаментіне сауал жолдады.

Серіктес жаңалықтары