Кеше, 11 қыркүйек күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек елді мекенінен 90 шақырым жерде орын алған жол апатынан қаза тапқандардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаза тапқан он адамның жетеуінің аты-жөні анықталды. Үш адамның жеке басына қатысты мәлімет тексеріліп жатыр.
Жол апатынан қаза тапқандар тізімі:
- Сатбалдыева Рахима Сардарқызы, 02.03.1960 жылы Түркменстан Республикасында туған Қазақстан Республикасының азаматшасы, тұрмыста, Жаңаөзен қаласының тұрғыны;
- Аманжолова Гүлсім Қосайқызы, 25.08.1969 жылы Түркменстан Республикасында туған Қазақстан Республикасының азаматшасы, тұрмыста, Жаңаөзен қаласының тұрғыны;
- Джимбаева Агорн, 15.12.1958 жылы Түркменстан Республикасында туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы, тұрмыста, Жаңаөзен қаласының тұрғыны;
- Оразбаева Ғалия Қайноллақызы, 04.07.1989 жылы Ақмола облысында туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы, тұрмыста, Астана қаласының тұрғыны;
- Измайлова Сауле Әбілқасенқызы, 14.11.1968 жылы Қарағанды облысында туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы, Қарағанды қаласының тұрғыны;
- Виденская Лариса Александровна, 10.12.1969 жылы Ресей Федерациясында туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы, Қарағанды қаласының тұрғыны;
- Вострецова Наталья Николаевна, 26.06.1974 жылы Қарағанды облысында туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы, Теміртау қаласының тұрғыны;
Айтып өткеніміздей, қаза тапқан тағы үш адамның жеке басы анықталып жатыр. Аман қалған екі жолаушы Қарағанды қаласының тұрғыны. Жүргізуші Жаңаөзен қаласының тұрғыны.