Антальяға ұшып бара жатқан ұшақ шұғыл түрде Атырауға қонды

Автор: Бақыт Шынар

Ұшақтың ішінде 300 жолаушы болған

Фото: istockphoto.com

Ресейдің Екатерингбург қаласынан Түркияның Анталья қаласына жолға шыққан Azur Air әуе компаниясының ұшағы шұғыл түрде Атырауға қонды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметіне сүйенсек, ұшақ ішінде 300 жолаушы болған.

«Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақта техникалық ақау пайда болған. Сондықтан, экипаж жақын жердегі әуежайға қонған», - деп хабарлайды «Атырау Today » телеграмм арнасы.