Қостанайда жоғалып кеткен 8 жасар баланың денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол суға батып кеткен

Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысында жоғалып кеткен 2011 жылғы жеткіншектің денесі судан шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«20 маусымы күні Федоров ауданында 8 жасар бала үйінен шығып, оралмаған. ТЖД құтқарушылары баланың денесін судан шығарды. Жазғы маусымда ата-аналарды балаларын жалғыз қалдырмауға шақырамыз. Суға шомылу кезінде қауіпсіздікті сақтаңыздар», - деп жазылған хабарламада.