Қарқаралыға демалуға келген 71 жастағы әже құтқарушыларды түн ұйқысынан айырды (ВИДЕО)
Кеше таңертең серуендеуге шыққан әже адасып кеткен

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы «Шахтер» демалыс орнына демалуға келген 71 жастағы әже кеше, 2 қыркүйек күні адасып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Демалыс орны орманның маңайына серуендеп келемін деп кеткен әжені таба алмаған соң құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болған. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері әжені түні бойы іздеген.
ТЖМ таратқан видеода көрініп тұрғандай, әжей оны іздеген адамдарға жүрген жеріне тас қойып, белгі тастап отырыпты. Ол демалыс орнынан 8 шақырымдай жерге алыстап кетіпті.
«Бүгін күндіз ТЖМ іздестіру тобы демалыс аймағынан 8 шақырым жерде әйелді орманнан тауып алды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ», - деп хабарлайды ТЖМ-ның баспасөз қызметі.