$ 539.55  627.55  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада «курьер» танысының төрт сақинасын ұрлап кеткен – полиция оның видеосын көрсетті

38 жастағы ер адам таныстарының үйіне барғанда кілттің көшірмесін жасатып алыпты

Астанада «курьер» танысының төрт сақинасын ұрлап кеткен – полиция оның видеосын көрсетті
Фото: скриншот

Астанада курьердің кейпін жамылған ер адам танысының үйінен ақша мен төрт сақинасын ұрлап алып, ізін жасырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл үйге бұрыннан көзі түсіп жүрсе керек, күдікті сол пәтердің кілтін жасатып алыпты. Ал айналасына күдік тудырмау үшін ол курьердің сөмкесін тағынып, бет-аузын тұмшалап алған.

«Сарайшық ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басын анықтады. Ол – заты ұрланған отбасының 38 жастағы танысы болып шықты. Белгілі болғандай, ер адам ұрлық жасау үшін ыңғайлы сәтті күтіп, курьер ретінде келген. Үйде ешкім жоқтығына көз жеткізіп, пәтерге кірген», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұры ақшаны ұстап қойған екен, ал төрт сақина заттай айғақ ретінде тәркіленген.

Серіктес жаңалықтары