«Аккаунтыма лайк керек»: алматылық блогер өзін тірідей көміп, қабірден тікелей эфирге шықты (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Полиция видеоға қатысты тексеру бастаған

Фото: скриншот

Әлеуметтік желідегі оныншы аккаунтын дамытқысы келген алматылық блогер өзін тірідей көміп, қабірден тікелей эфирге шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның видеосы әлеуметтік желіге тарап, полицияның назарын аудартты.

Видеодан көріп отырғанымыздай, жас жігітті достары көміп тастаған. Қабірдегі жігітті достары тікелей эфирден көріп отырған.

«Достар, осыған дейін tiktok тоғыз аккаунтымды банға жіберді. Мынау – оныншы аккаунтым. Сондықтан, лайк басып, жазылыңыздар. Мен әлі 24 сағат тікелей эфирге шығамын», - дейді блогердің өзі.

Жас жігіт қабірде жатып, 24 сағат бойы тікелей эфир өткізді ме, жоқ па, белгісіз. Видео желіге таралған соң полиция оны тексеруге кіріскен.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше блогер орынсыз пранкі үшін қамалып, айыппұл төлеген еді.