Жамбылда біреудің кәуап пісіретін мангалын ұрлап кеткен жігіт 4,6 жыл түрмеде отыратын болды
Ол бір түнде бірнеше үйді тонап кеткен

Жамбыл облысы Талас ауданының соты бір түнде бірнеше үйді тонап кеткен жігітті 4,6 жылға соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соттың мәліметіне сүйенсек, ер адам бұған дейін әртүрлі қылмыстары үшін 6 рет сотталған екен.
«Биыл қаңтар айында ол Қаратау қаласында біреудің үйіне кіріп, темір арбасын ұрлап кеткен. ары қарай таңы бір үйге ұрлыққа түсіп, кәуап пісіретін темір манга, темір астау, темір сөре мен темір пеш ұрлап кеткен. Бұнымен тоқтамаған ол үшінші үйдің ауласынан темір есігін жымқырып кеткен. Ұрлаған заттарының бәрін бірінші үйдің алдынан алып кеткен арбаға салып, алып кеткен. Бүкіл залал 200 мың теңге болды», - деп хабарлайды Талас сотының баспасөз қызметі.
Прокурор бірнеше ұрлық жасаған адамды бес жылға соттауды сұраған. Ер адам кінәсін мойындап, залалды өтеп берген соң сот бұл фактіні жеңілдететін мән-жай деп қараған. Бірақ, алты рет сотты болғанына қарамастан, түзелмегенін ауырлататын мән-жай деп таныған.
«Сот ер адамды түпкілікті 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді», - деп хабарлайды Талас аудандық сотының баспасөз қызметі.