02.09.2025, 12:40
Оқиғалар
Пәкістандағы су тасқынынан екі күнде 31 адам қаза тапты (ВИДЕО)
Елдің бірқатар аймағын су басқан
Фото: istockphoto.com
Пәкістанның ұлттық төтенше жағдайларды басқару басқармасының мәліметінше, жексенбі мен дүйсенбі күндері жауын-шашын мен су тасқыны салдарынан 31 адам көз жұмды, тағы 26 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ең ауыр жағдай елдің шығысындағы Пенджаб провинциясында тіркелді. Мұнда 25 адам қаза тапқан, оның ішінде сегіз бала мен екі әйел бар.
- Хайбер-Пахтунхва провинциясында – 4 адам;
- Белуджистан аймағында – 1 бала;
- Пәкістан бақылауындағы Кашмирде – 1 адам қаза болды.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері жауын-шашын жалғасады. Бұл жағдай елде жаңа су тасқындары мен опырмалардың қаупін күшейтуі мүмкін.
Көп оқылған
17.09.2026, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
17.09.2026, 20:09
«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Қайрат Нұртастың анасы сотталып кеткен Нұрсұлтан Жақсыгенге араша түсті
18.09.2026, 00:43
Әйелін балаларының көзінше қан-жоса етіп ұрған: Шымкентте ер адамның үстінен іс қозғалды (ВИДЕО)
17.09.2026, 21:25
Баян Алагөзованың қызы өгей әкесіне сирек кездесетін қымбат автокөлікті сыйға тартты ма (ВИДЕО)