Тағы үшеуі ауруханада жатыр
Ақмола облысындағы Степногорск жылу электр орталығында жұмысшы қаза тапты. Трагедия екінші қазандықтағы монтаждау жұмыстары кезінде болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Степногорск қаласы жылу электр орталығы аумағында монтаждау жұмыстары кезінде бір жұмысшы көз жұмып, үшеуі жарақат алды, жазатайым оқиғаға қатысты қылыстық іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Қазіргі уақытта тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын және қайғылы оқиғаға себебін анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
«Тергеу қорытындысы бойынша лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, соңғы процессуалдық шешім қабылданады», - дейді полицейлер.