27.08.2025, 10:50
Оқиғалар
Астанада тұрғын үйдің 9-қабатынан өрт шықты (ВИДЕО)
Көпқабатты тұрғын үйдің балконы өртенген
Фото: pixabay
Астананың Сарыарқа ауданындағы Шаймерден Қосшығұлұлы көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 9-қабатындағы пәтердің балконында өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары өртті автосаты арқылы жедел оқпан беріп, қысқа мерзімде сөндірді.
Олардың жедел әрекетінің арқасында жалын пәтердің басқа бөлмелеріне және көршілес пәтерлерге таралған жоқ.
Министрлік тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
Әсіресе, балкондарды киімдермен, ескі жиһаздармен, қағаз қалдықтарымен және басқа да жанғыш заттармен толтырмауға шақырады. Мұндай әрекеттер өрттің тез таралуына себеп болуы мүмкін.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады