Құлсарыда баланы зорлап өлтіріп, денесін суға ағызып жіберген: іс сотқа түсті
Қайғылы оқиға осы жылдың 5 маусымында болған

Құлсары қаласында қыз баланы зорлап, артынан өлтіріп кетуге қатысты іс сотқа түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.
Сотта Жылыой ауданының 35 жастағы тұрғыны жауапқа тартылып жатыр.
«Қайғылы оқиға осы жылдың 5 маусымында болған. Қыз аулада достарымен ойнауға шыққан, бірақ кейін Құрсай өзенінің маңынан оның сүйегі табылды», - деп жазды басылым.
Тергеу барысында ер адамның мас күйде қызды зорлағаны анықталды. Қылмыстың ізін жасыру үшін ол қызды өлтіріп, денесін өзенге ағызып жіберген. Кейін өзі танысының ауласында ұйықтап қалған.
Сот-медициналық сараптама қыздың сүйегінен соққы мен жыныстық зорлық-зомбылық белгілерін тапты. Айыпталушының әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша сараланды: 120-бап 4-бөлігі («Кәмелетке толмағанды зорлау») және 99-бап 3-бөлігі («Кәмелетке толмаған баланы өлтіру»).
Сот процесі Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді. Сотты судья Зарема Каримовна Хамидуллина жүргізеді. Ол Атырау облысындағы ең шулы және резонансты істерді қарайды.