Алматы әуежайында ер адам өзін өртеп жіберді
Полицейлер өртті дереу сөндіріп, зардап шегушінің өмірін сақтап қалды

Алматы әуежайының терминалында ер адам өзін өртеді, полиция мен қауіпсіздік қызметкерлері өртті сөндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше зардап шегуші ауруханаға жатқызылды.
«2025 жылғы 25 тамызда сағат 22:06-да Алматы әуежайының «Т-1» терминалында ер адам билет кассасының жанында өзін-өзі өртеп жібермек болды», - делінген хабарламада.
Полицейлер әуежайдың қауіпсіздік қызметінің өкілдерімен бірге дереу қауіпсіздік шараларын қолға алды: олар өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер ер адамды қалалық ауруханаға жеткізді.
Аталған факті бойынша көліктегі полициясы департаменті қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.