24.08.2025, 18:40
Оқиғалар
Қарағанды облысында үш көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті
Бір көлік екіншісінің капотына шығып кеткен.
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
Қарағанды облысының Пришахтинск кентінде үш көлік қатысқан ірі жол апаты тіркелді.Оқиға 24 тамыз күні таңертең Зелинский көшесінде болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үш көлік соқтығысқан сәт
Полиция департаментінің мәліметінше, жол апатына Nissan, BMW және Volkswagen маркалы көліктер қатысқан. Соқтығысқаннан кейін бір көлік екіншісінің капотына шығып кеткен.
- 33 жастағы Nissan жүргізушісі жарақат алды;
- Оның қасындағы жолаушы әйел де медициналық көмекке жүгінді;
- Сондай-ақ, 51 жастағы Volkswagen жолаушысы да түрлі жарақат алған.
Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Полиция тергеу жүргізуде
Қазіргі таңда жол апатының мән-жайы анықталуда. Сараптама нәтижелері бойынша кінәлі тарапқа қатысты процессуалдық шешім қабылданады.
Қарағанды облыстық полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертті.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге қарызы бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 23:47
Ақтөбелік әйел қытайлық күйеу жігітін алдап 30 миллион теңге мен алтын алған: полиция істі тоқтатты
23.11.2026, 15:20
Қызылодада мас ер адам қыздарды қорғаған жас жігітті пышақтап тастады
23.11.2026, 18:45
Домбыраны өз бетінше үйренген чилилік Мария Аргентина Муниос
