Қызуы көтерілген Қайрат Құдайберген коронавирусқа күдіктеніп, көзіне жас алды

Автор: Azattyq Rýhy

Қоғам белсендісі үш күннен бері ауырып жатыр

Белгілі меценат Қайрат Құдайберген үш күннен бері қызуы көтеріліп ауырып жатқанын айтты. Ол тест тапсырғанымен, әлі нәтижесін қолына алмаған. Бірақ Құдайбеген өзін коронавирус жұқтырып алдым деп есептеп, қорқыныштан көзіне жас алды.  

«Құрметті Қазақ елі! Өз-өзіңізге және жақындарыңызға дұрыстап қараңыздар!  Індетке немқұрайлы болмаңыздар! Елім, жерім аман болсын! Мен үшін дұға етіп жүріңіздер»,  - деді ол Instagram парақшасына жариялаған видеосында.