Атырау облысында екі жасар бала терезеден құлап кетті

Облыста жыл басынан бері балалардың терезеден құлауына қатысты 4 оқиға тіркелген

Атырау облысында екі жасар бала терезеден құлап кетті
Фото: pravda.ru

Атырау облысында екі жасар бала терезеден құлап кетті. Оқиға 18 маусым күні түнгі сағат 23:39-да болған, деп хабарлайды облыстық ТЖД-ның Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.

Құрманғазы ауданы Аккөл ауылының Иманова көшесінде орналасқан 2 қабатты тұрғын үйдің 2-ші қабатынан 2018 жылы туған 2 жасар қыз бала белгісіз жағдайда құлап кеткен.  

Бүлдіршін Құрманғазы аудандық ауруханасына жабық бас сүйек жарақаты диагнозымен жатқызылды.

«Бұл жыл басынан бері балалардың терезеден құлауына қатысты тіркелген 4-ші оқиға. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жүргізіп жатқан профилактикалық шаралар мен ескертулерге қарамастан, мұндай жағдайлардың орын алуы тоқтар емес.

Сондықтан ТЖД қызметкерлері көп жағдайда балалардың терезеден құлауы олардың ата-анасының қарауынсыз қалуы себебінен орын алатынын, сол себепті кішкентай балаларды жалғыз қалдырмауды сұрайды. Сонымен бірге барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қоюды, терезедегі москиттік торлардың қауіпті екенін, оның баланың салмағы мен қысымды көтере алмайтынын ескертеді», - делінген хабарламада.  

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.