Тоқаев Шыңғыс Айтматовтың бейітіне барып, Құран бағыштады (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Қазақстан президенті Қырғыз еліне жасаған ресми сапарын «Ата бейіт» кешенінен бастаған

Фото: Ақорда

Қырғыз Республикасына ресми сапармен барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталған болатын. Осыдан кейін президентті осы кешеннің атаун қойып кеткен Шыңғыс Айтматовтың да зиратына барып, Құран бағыштаған.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқының кемеңгер жазушысы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етіп, қаламгердің рухына Құран бағыштады», - деп хабарлайды Ақорда.