Астанада бір басына 20 SIM-карта тіркеген баланың ата-анасы жазаланды

Автор: Бақыт Шынар

Бала ол карталарды алаяқтарға жалға берген болып шықты

Фото: istockphoto.com

Астанада өз атына 20 SIM-карта тіркеген 14 жастағы баланың ата-анасы жазаланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Анықталғандай, бала интернеттегі хабарландыруды көріп, оңай ақша табу үшін карталарды жалға берген екен.

«Алаяқтар жарнама беретін қосымшаларда SIM-карталарды жалға алу туралы хабардандыру берген. Олар бұл балаға Қазақстандағы ұялы байланыс операторларының SIM-карталарын сатып алып, күн сайынғы ақысы үшін жалға беруді ұсынған. Бала карталарды тіркеп, алаяқтар үшін карталарды «біріккен құрылғылар» қосымшасы арқылы қолжетімді еткен», - деп хабарлайды Астананың полиция департаменті.

Полиция оқушыдан 20 карта тәркілеген. Осы факт бойынша баланың ата-анасы жауапкершілік арқалаған.