$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үлкен Алматы шатқалында 9 жастағы бала үлкен аспалы әткеншектен құлап кетті

Құтқарушылар балаға алғашқы көмек көрсетіп, дәрігерлерге тапырды

Үлкен Алматы шатқалында 9 жастағы бала үлкен аспалы әткеншектен құлап кетті
Фото: ile-alatau.kz видеосының скриншоты

Алматы құтқарушылары жарақат алған балаға көмектесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үлкен Алматы шатқалындағы «Ай алаңы» ауданында 9 жастағы бала үлкен аспалы әткеншектен құлап кетіп, қолын жарақаттап алған. Соның салдарынан ол өздігінен жүре алмады.

«Оқиға орнына жедел түрде «ҮАШ» БҚП құтқарушылары шықты», - деп жазылған хабарламада.

Олар зардап шеккен балаға жеткен соң, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетіп, қолы сынғанын растады, құтқарушылар баланы абайлап төменге түсірді.

Зардап шеккен бала әрі қарай тексеру мен ем алу үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

Еске сала кетейік, жақында Талғар тауларында ресейлік 72 жастағы турист ауыр жарақат алып қалды, оны құтқару 13 сағатқа созылды.  Ірі тас оның аяғын басып қалған. 

Серіктес жаңалықтары