05.08.2025, 15:29
Оқиғалар
Түркістан облысында ауылдың мәдениет сарайы өртке оранды (ВИДЕО)
Өрт 600 шаршы метрге тараған
Фото: скрин
Кентау қаласы, Ащысай ауылы, Мұханов көшесінде орналасқан мәдениет сарайында өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт ғимараттың үстінгі қабатынан басьалған. Қызыл жалынның аумағы 600 шаршы метр жерге дейін жайылған.
Жедел жеткен құтқарушылар қызыл жалынды кеше сағат 18:37-де оқшаулап, 19:27-де толық сөндірген.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.
Өртті сөндіруге 21 жеке құрам және 6 техника жергілікті атқарушы органнан «Ауыл құтқарушылары» 3 жеке құрамы және 1 техника жұмылдырылған.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды