$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

68 адам қаза тапты: мигранттар мінген қайық теңізге батып кеткен

Қайыққа бас-аяғы 150 адам мінген

68 адам қаза тапты: мигранттар мінген қайық теңізге батып кеткен
Фото: Getty Images

Мигранттар мінген қайық Йемен жағалауында апатқа ұшырап, кемінде 68 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.

150 мигрант отырған қайық Абьян провинциясының оңтүстік жағалауында аударылып кеткен. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Йемендегі Халықаралық көші-қон ұйымының өкілі Абдусаттор Эсоевтің айтуынша, судан 68 адамның денесі табылған, 12 адам құтқарылып, аман қалған. Қалғандары іздестіріліп жатыр.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандардың арасында Эфиопия азаматтары көп», - деп хабарлады Халықаралық көші-қон ұйымы.

Йемен Африкадан Парсы шығанағы елдеріне жұмыс іздеп баратын мигранттар үшін басты көші-қон бағыттарының бірі болып саналады. Ұйымның мәліметінше, соңғы айларда осы бағытта жүздеген адам кеме апатынан қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен.

«Бұл қайғылы жағдай мигранттардың өмірін қатерге тігіп, олардың шарасыздығын пайдаланып пайда табатын қылмыстық контрабандаларға қарсы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың аса қажет екенінкөрсетеді. Біз мұндай қылмыстарға кінәлілерді жауапқа тартуға, болашақта осындай апаттардың алдын алу үшін күш біріктіруге шақырамыз», - делінген Халықаралық көші-қон ұйымының мәлімдемесінде.

Серіктес жаңалықтары