ДНҚ тестінен нақты нәтиже шықпаған
Адвокат Мейірман Шекеев бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек есімімен танымал Мұрат Савелиевтің сәби күнінде заңсыз сатылған деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жәнібек – Бельгияда асырап алынған қазақ баласы. Кейінірек анықталып жатқандай бала заңсыз сатылған сияқты. Құжаттармен танысу барысында қаншама былықтар ашылып жатыр. Жәнібектің алғашқы келіп биологиялық анасын табу мақсаты нәтижесіз болған», - деді ол желідегі жеке парақшасында.
Қазір іздеу жұмыстары жалғасуда.
«Кейбір ДНҚ тестілеулері жасалғанымен нақты нәтижеге қол жеткізілмеген. Сонымен қатар, бұл жағдайға қатысты Қазақстанда қылмыстық іс ашылып, тергеу басталды», - деп жазды ол.
Еске салайық, Шерзат ісінде адвокат болған Мейірман Шекеев Мұрат Савелиевтің ісі де қолға алған болатын.